Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 35-жүлде түсті. Шаңғыдан Сергей Малышев 30 шақырымға масс-старт бәсекесінде сынға түсіп қола жүлде жеңіп алды.
Бұл жарыста алтын медаль ресейлік Дмитрий Ростовцевке бұйырса, күмісті оның отандасы Валерий Гантарь алды. Сонымен қатар, тағы бір отандасымыз Виталий Пухкало көшбасшыдан 21,1 секунд қалып, төртінші болып келді.
Қазір құрама қоржынында 11 алтын, 7 күміс және 17 қола жүлде бар.
Айта кетейік, Малышевтің бұл екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 7,5 шақырымда командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алған болатын.