• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Қарағанды облысында 36 әлеуметтік дәріхана ашылды

258 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету мақсатында дәрілерді арзандатылған бағамен сататын 36 әлеуметтік дәріхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық экономика басқармасының басшысы Ольга Чернявскаяның айтуынша, өңірде дәрінің барлық түрлері қымбаттаған. Медициналық қызметтің де құны көтерілген. «Қаңтар айында фармацевтикалық өнім бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2 пайызға көтерілген. 2016 жылдың желтоқсан айында да аса маңызды дәрі-дәрмек препараттарының бағасы өскен», - деп мәлімдеді ол. Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес, ауруханалар мен емханалардағы баға өсіміне жол бермеу үшін Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында әлеуметтік дәріханалар ашылды. Онда дәрі-дәрмектерге ең төменгі бағамен сатылады. Әдетте бөлшек сауда жүйесінде дәрілердің көтерме бағасына 15-тен 30 пайызға дейін құн қосылады, ал әлеуметтік ауруханаларда бес пайыздан артық құн қосылмайды. «Бүгінде облыстағы қалалар мен аудандардың  мемлекеттік медициналық ұйымдарында 36 әлеуметтік аурухана жұмыс істеп тұр. Ай сайын ұсынылатын дәрі-дәрмек түрлері ұлғайып келеді. Әзірге қаладағы әлеуметтік дәріханаларда препараттардың 1500 түрі, ал аудандарда 900 түрі сатылуда. Қажетті дәріні азаматтарға жеткізіп беру қызметі де қарастырылған. Тағы да бірқатар әлеуметтік ауруханалар ашу жоспарланған», - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. Дәрілік препараттар мен медициналық өнімдердің 105 түріне және қосымша тізімдегі аса маңызды дәрілердің 50 түрінің бағаларына мониторинг жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы дәрілік заттарды көтерме тасымалдаушылармен дәрі құнын негізсіз өсіруді тоқтату мәселелері бойынша бірқатар жиналыстар өткізді.