Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан бойынша миссия басшысы М.Хортон бастаған Халықаралық валюта қорының ( ХВҚ) миссиясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылымдық реформаларды жүргізу, салық саясаты, банк секторын дамыту мәселелері жөнінде ХВҚ-мен өзара іс-қимыл келешегі талқыланды.