«Барыс» ойыншысы Кевин Даллмэн Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы үздік қорғаушы атанды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Даллмэннің Криса Лидікіндей статистикасы жоғары емес. Алайда, тікелей қорғаушы міндетін атқарған кезде өз-өзіне өте сенімді. Ол 61 соққыны тоқтата білді. Осы көрсеткіш жағынан клубында үздіктердің бірі. ҚХЛ-дың алғашқы маусымында-ақ рекордты 58 ұпай жинап, бүгінге дейін ерекше ойынымен көзге түсіп жүр. Тек Санкт-Петербургтің СКА командасына қарсы матчта ғана өз ойынын көрсете алмады. Даллмэннің көрсеткіштері тұрақты, ол сенімді әрі нәтижелі ойыншы. Осы маусымда 30 ұпай жинады. Бұл сұрмерген-қорғаушылар тізімінде бесінші орынға лайық көрсеткіш. Кевин әлі 35 жаста, сондықтан «Барыс» жанкүйерлерін әлі де қуантары сөзсіз», – делінген хабарламада.