Оңтүстік халқын солтүстікке қоныстандыру бағдарламасына 2017 жылы 85 млрд. теңге бөлінген, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін Астанада «Корпоративтік секторда әйелдердің мүмкіндігін кеңейту» атты халықаралық форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныстану бойынша бағдарлама қолға алынды. Алғашқы жұмыстар басталып та кетті. Ең біріншіден, Білім және ғылым министрлігінің «Серпін» бағдарламасы аясында солтүстік облыстарға студенттер келуде. Біздің бағдарлама бойынша да бұл жұмыс жалғасын табады. Биылдың өзінде бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 45 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден – 40 млрд. теңге қарастырылған. Яғни, 85 млрд. теңге осы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінуде», – деді министр.