• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Марат Мәзімбаев: Жақиянов Уорренді жеңеді деп үміттенемін

473 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокста есімі бүкіл әлемге тараған қазақстандық боксшы Марат Мәзімбаев Жанат Жақиянов пен Роуши Уоррен арасындағы жекпе-жек жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Жанат АҚШ жерінде өзін жақсы қырынан көрсететін мүмкіндік туды. Егер осы титулдық кездесуді жеңсе, үлкен жекпе-жектерге жол ашады. Мұндай сәттер өмірде бір-ақ рет беріледі және оны тиімді қолдана білу керек. Әрине, қарсыласы өте мықты. Уорреннің әуесқой бокста тәжірибесі өте мол. Кәсіпқой бокста әлем чемпионы атану оңай жұмыс емес. Енді барлығы Жанаттың қолында, дайындығына байланысты. Бұл бокс, мұнда барлығы да болады. Бір соққы кездесудің қорытындысын шешіп жіберуі мүмкін. Жанаттың тілеуін тілеп, жанкүйер болып отырамыз», – деді Мәзімбаев. «Өз басым Жанатты жақсы білемін. Промоутерлік қызметпен айналысып жүргенімде бокс кештерінде шаршы алаңға шығып жүрген. Бұл кездесуін де жеңіспен аяқтаса қатты қуанар едім. Ол психологиялық тұрғыдан өте мықты адам, соққысы ауыр. Кәсіпқой боксшы үшін керектің барлығы бар. Жанатқа жақсы дайындық керек. Ол Уорреннің туған жерінде жұдырықтаспақшы. Егер тең түсіп жатса, жеңісті оның қарсыласына беріп жіберуі әбден мүмкін. Осал тұстарын байқаған бойда, сол жеріне соққыларын қарша боратуы керек. Хас батырға тән бокс көрсетіп, жеңіске жетеді деген үміттемін», – деді атақты боксшы. Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 10 ақпанда АҚШ-та (Астана уақытымен 11 ақпанның таңғы уақытында)  өтеді.
Соңғы жаңалықтар