АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында қазақстандық Жанат Жақиянов (26-1, 18КО) пен америкалық Роуши Уоррен (14-1, 4КО) жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.
Алғашқы раундта белсенді қимылдаған Уоррен отандасымызды 2 рет нокдаунға жіберді. Дегенмен, келесі раундтан бастап, Жақиянов ширақ қимылдай бастады. 12 раундқа созылған жекпе-жекте екі төреші 115-111, 116-110, ал үшіншісі 111-115 ұпайын көрсетіп, Жанат Жақияновты әлемнің жаңа чемпионы деп тапты.
Бұл Жанаттың кәсіпқой бокстағы 27-жеңісі.