• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2017

Францияда дзюдодан «Grand Slam» турнирі басталады

111 рет
көрсетілді

Бүгін Франция астанасы Парижде маусымның алғашқы дзюдодан «Grand Slam» турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Grand Slam» турниріне Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. Бірінші күні 60 келіде Асхат Тельманов алғашқы айналымда словениялық Трбовц Матьяжбен белдессе, Ғұсман Қырғызбаев жарысқа 1/16 финалында қосылады. 66 келіде Мейіржан Қалтаев Шмит Томмен кездессе, Әбілхайыр Мәулен жеребе бойынша татамиге 1/16 финалда шығады. Елдос Жұмаханов 73 келіде ел намысын қорғайтын болады.
Соңғы жаңалықтар