• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2017

Қарағандыда мамандандырылған полиция нысаны салынады

175 рет
көрсетілді

30 жылда алғаш рет Қарағандыда ішкі істер органдарының жаңа мамандандырылған нысаны салынады, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Атап өтсек, 10 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев Октябрь ауданы бойынша жұмыс сапары барысында осы жылы ашылған Қарағанды ІІБ мамандандырылған Киров  ғимаратының құрылысы барысын тексерген. «Киров ғимараты құқықтық тәртіп күзеті міндеттеріне сәйкес келгендігімен қоса, осы аудан тұрғындарының қажетін шешуге мүмкіндік береді. Мұнда полиция техникалық қызметі, зертхана, кезекші прокурор, жергілікті полиция қызметі, көші-қон полициясы, есірткімен күрес бөлімі және басқа да қызметтер орналасады», - деді ІСБ. Атап өтілгендей, жаңа нысанды енгізу ІІБ арнайы қызметтері жұмысын оңтайландырып, қылмыспен күрес тиімділігін арттырады, халықты қорғау рәсімі біршама жеңілдейді.