• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2017

«Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды

113 рет
көрсетілді

10 ақпан күні Мәскеу қаласында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің кездесуіне қатысты. Кездесуде «Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Қырымбек Көшербаев аймақ үшін маңызды мәселелерді, оның ішінде Байқоңыр қаласы тұрғындарының жұмыспен қамтылуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме қонақтары мен қатысушыларын қарсы алуға дайындық жұмыстарын қозғады. Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттері басшыларының Санкт-Петербург қаласындағы  кездесуінде тараптардың «Байқоңыр» кешеніндегі ұзақ мерзімді әріптестік тұжырымдамасы бекітілген болатын. Тараптар «Байқоңыр» кешені бойынша  үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын осы жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында өткізу туралы келісімге келді.
Соңғы жаңалықтар