• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2017

Димаш байқауда 5-орын алды

149 рет
көрсетілді

Димаш Құдайберген Қытайдағы «I am a singer» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «1-орынды Тань Цзин, 2-орынды - Линь Илянь, 3-орынды - Чжан Цзе, 4-орынды - Джастин мен Линь Чжисюань (конкурстың жаңа қатысушылары - авт.), 5-орынды - Димаш, 6-орынды - «Lion» тобы, 7-орынды Чжао Лэй иеленді. Чжао Лэй сайыс бағдарламасынан шығып қалды», - деп хабарлайды Hunan. 4-орынды екі конкурсант бірдей иеленгендіктен, Димаш 5-орынға орналасып отыр. Дегенмен, қытайлық байқаудың әлеуметтік желіге салған кестесінде қазақстандық әншінің 6-орын алғандығы жазылуда, ал 5-орын - бос тұр. Бұл жағдайды өзгертпейді, Димаш байқаудың келесі - 6-кезеңіне өтеді. Бұған дейін, жарыстың 4-кезеңінде Ду Лиш (Тереза) шығып қалған еді.
Соңғы жаңалықтар