Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов америкалық боксшы Рошу Уорренмен екінші рет (реванш) кездесуге дайын екенін айтты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Мұндай маңызды жекпе-жекке қатысқаныма қуаныштымын. Чемпиондық белбеуді алған сәттегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Уоррен төрешілердің жеңісті маған бергеніне келіспейтінін айтып, екінші жекпе-жек өткізуді қалап отыр. Жалпы, бұған мен де қарсы емеспін. Әлемнің көптеген елдерінде жұдырықтастым және де ешкімнен қашқан емеспін», - дейді Жақиянов.
Айта кетейік, жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO белбеулері үшін өткен кездесуде отандасымыз америкалық Роуши Уорренді 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңген болатын.