• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2017

Димаш Қытайда қазақ әнін шырқады

173 рет
көрсетілді

Димаш Құдайберген Қытайда Хунан телеарнасының «Юан Шияу» мерекесіне арналған концертінде қонақ болып, қазақтың «Ой жайлау» әнін шырқады. «Бүгін Қытайдың атақты шырақтар фестивалі кешінде Кенен Әзірбаев атамыздың «Ой жайлау» әнін шырқаймын! Тікелей эфирде 19:30 (Бейжің уақытымен) Hunan Tv арнасында! Қытайда айтылатын алғашқы қазақша әнімді жақсы қабыл аласыздар деп ойлаймын!» - деп жазды әнші Инстаграм парақшасында. Айта кетейік, Юан Шияу - Қытайдың дәстүрлі «Шырақтар» мерекесі. Әр жылы «Көктем мерекесі» деп аталатын қытайдың жаңа жылының 15-күні тойланады.
Соңғы жаңалықтар