Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрберген Жұмағазиев 1 мың метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында оңтүстіккореялық Хван Дэ Хон топ жарса, голландиялық Сьенки Кнегт күміс жүлдені ұтып алды.
Ертең 5 мың метр қашықтықта жерлестеріміз финалда Ресей, Қытай, Голландия құрамаларымен эстафеталық сында жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, Нұрберген Жұмағазиев былтыр Оңтүстік Кореяда 1 мың метр қашықтықта әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, жақында ғана Алматыда өткен Универсиада ойындарында эстафеталық сында және 1500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанған.