• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Бір күнде төрт футболшы ауыр жарақат алды (видео)

201 рет
көрсетілді

Кешегі күн футбол әлемі үшін ауыр жайттарға толы болды. Өз командаларында жоғары деңгейде ойнап жүрген бірнеше ойыншы ауыр жарақат алып қалды.

Алейш Видаль

«Барселона» мен «Алавес» арасындағы кездесуде Алейш Видаль әріптесі Луис Суареске нәтижелі пас берген болатын. Алайда, 88-минутта Тео Эрнандеспен допқа таласта ауыр жарақат алып қалды.

Кайетано Бонин

«Осасуна» мен «Реал» арасындағы матчтың 13-минутында Исконың алдынан шығып, шабуылды тоқтапақ болған Кайетано Бонин күтпеген жайтқа тап болды.

Габриэл Бошилья

  «Монако» ойыншысы Габриэл Бошилья «Мец» командасына қарсы ойында ауыр жарақат алып қалды. Алдын ала болжам бойынша тізесінің айқыш байламы үзіліп кеткен болуы мүмкін.

Данило

«Реал» ойыншысы Данило қарсыласы Давид Гарсиямен допқа таласта қиын жағдайға тап болды. Жоғарыда айтылған футболшылар сияқты жарақаты ауыр болмаса да, бірнеше апта алаңға шыға алмауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар