• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Түркіменстанда президент сайлауы басталды

150 рет
көрсетілді

Түркіменстанда 07:00-де (Астана уақыты бойынша 08:00) президенттік сайлау өткізу үшін сайлау учаскелері жұмысын бастады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. Дауыс беру кешкі 19:00-ге дейін 2587 сайлау учаскесінде жалғасады. Ал оның 39-ы Түркіменстанның өзге елдердегі дипмиссиясында ашылған. Дауыс беруге 3223455 адам қатысады. Сайлауға барлығы тоғыз кандидат түсті. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбінің қолдауына ие болған кандидат Түркіменстанның жаңа сайланған президенті болып саналады. 2016 жылдың 14 қыркүйегінде қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, президент өкілеттігі бес жылдан жеті жылға ұзартылды. Сонымен қатар,президенттің жасы 70-тен жоғары болмауы керек деген шектеу алынып тасталды.
Соңғы жаңалықтар