• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Есеп комитетінің төрағасы қайтыс болды

140 рет
көрсетілді

Есеп комитетінің басшысы Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы қайтыс болды, деп хабарлады tengrinews.kz. Ол 1960 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Басқару процесінің автоматтандырылған жүйесі ғылыми-зерттеу институтының инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Ғылым мен техника бөлімінің инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Басқару және басшылықтың экономикалық әдістемелерін жетілдіру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеулер инситутының аға ғылыми қызметкері, ҚР Экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті экономикалық реформалар, нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық консультанттар кеңесінің кеңесшісі, ҚР Президентінің экономикалық кеңесшісі, Еуропалық қоғамдастық комиссиясының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры, ҚР Президенті жанындағы экономикалық консультанттар кеңесі жетекшісінің орынбасары, «ТАСИС» бағдарламасының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының директоры, Алматы қаласы экономика жөніндегі комитетінің төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі болды. Қазіргі қызметіне 2014 жылғы 15 қаңтарда Елбасы Жарлығымен тағайындалған. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.