• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Жапонияда қалың қар жауды

263 рет
көрсетілді

Жапон теңізі мен Тынық мұхит жағалауындағы қарлы боран салдарынан елдің батысында көлік қатынасы тоқтады. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Тотториде қардың қалыңдығы 91 сантиметрге жетті. Бұл нормадан 10 есеге артық. Ал Сидзуокада көктайғақтан жол апаты көбейіп, 6 адам жарақат алды. Сонымен қатар, Хёго, Фукуи мен Киотода да қарлы борон соғып тұр. Бұл өңірде де қар белгілі нормадан 6 есеге артық түскен. Ал синоптиктер алдағы тәуліктерде де күн райы күрт бұзылады деп отыр.