Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасы лаңкестерден қорғалады, деп хабарлады 24.kz.
Билік мұндай шараға соңғы жылдары елде болған лаңкестік әрекеттерден кейін барып отыр. Енді мұнараның айналасы биіктігі 2 жарым метр болатын оқ өтпейтін шынымен қоршалмақ.
«Қорған мұнараның әсем келбетін бұзбайды», - дейді мамандар. Ал оны безендіруге кәсіпқой дизайнерлерді жұмылдырылады. Жобаның құны 20 миллион еуро. Эйфель мұнарасына әлемнің әр қиырынан жыл сайын 7 миллионға жуық адам келеді екен. Бірақ 2015 жылғы терактілерден кейін саяхатшылардың саны күрт азайған.