15-16 ақпанда елордада Астана процесі аясында Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты жоғары деңгейде кезекті отырыс өтеді. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
ҚР СІМ ақпаратынша, отырыста Сирия аумағында әскери іс-қимылды тоқтату режімін сақтау мәселелері, нақты елді мекендердегі ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар, бірлескен жедел топ туралы ереже қабылдау, бітімгерлік режімін күшейтуге қатысты шараларды келісу, сондай-ақ Женевада өтетін алдағы сирияаралық келіссөздер мәселелері талқыланады.
Астанада өтетін кездесуге Иордан Хашимит Корольдігінің, Сирия Араб Республикасы үкіметінің делегациясы, Сирия қарулы оппозициясының өкілдері, БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі С.де Мистура шақырылған.