• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Түркіменстанда сайлаушылардың жартысы дауыс берді

180 рет
көрсетілді

Түркіменстандағы президент сайлауына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-ге дейін қатысушылардың 51%-ы дауыс берді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. Түркіменстан орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, учаскелер ашылғаннан кейін төрт сағат ішінде дауыс беруге 1 миллион 661 мың 342 адам қатысты. Ең жоғары көрсеткіш Ахал уәлаятында тіркелген. Мұнда 11:00-ге дейін 58,77% дауыс беруші қатысты. Балқан уәлаятында – 51,52%, Дашоғұз уәлаятында – 52,84%, Лебап уәлаятында – 51,90%, Мары уәлаятында – 49,40%, Ашхабад қаласында – 45,02%. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 07:00-де басталып, 19:00-ге дейін жалғасады. Түркіменстанда 2587 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 39-ы өзге елдердегі дипмиссиясында ашылған. Сайлаушылар тізіміне 3 миллион 223 мың 455 адам енгізілген.
Соңғы жаңалықтар