• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Бердімұхамедов Түркіменстан президенттігі үшін сайлауда дауыс берді

120 рет
көрсетілді

Түркіменстан президенттігіне кандидат, елдің қазіргі басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов отбасымен бірге жексенбі күні таңертең президенттік сайлауда дауыс берді. Бұл туралы түркімен телеарналарына сілтеме жасап РИА «Новости» хабарлады. Ашгабаттағы №68 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне президентпен бірге оның әке-шешесі келді. Дауыс беруден кейін Бердімұхамедов қысқаша сөз сөйледі. «Бүкіл халқымыз ел үшін маңызды оқиғаға қатысуда. Миллиондаған адам конституциялық хұқын пайдаланып, еріктерін білдіріп жатыр. Олар болашақ алдындағы ұлы жауапкершілігін сезініп, жоғары мемлекеттік қызметке алдағы жеті жылға лайықты деген кандидатқа дауыс беруде» деді ол. Сайлауға барлығы тоғыз кандидат түсті. Жергілікті уақыт бойынша 07.00-де (Астана уақыты бойынша 08.00) басталған дауыс беру кешкі 19.00-ге дейін жалғасады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбінің қолдауына ие болған кандидат Түркіменстанның жаңа сайланған президенті болып саналады. 2016 жылдың 14 қыркүйегінде қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, президент өкілеттігі бес жылдан жеті жылға ұзартылды. Сонымен қатар,президенттің жасы 70-тен жоғары болмауы керек деген шектеу алынып тасталды.