Түркияда конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум 16 сәуірде өтеді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.
Елдің Орталық сайлау комитетінің басшысы Сади Гювен бұл шараға дайындық пен үгіт-насихат науқанына 60 күн берілетінін мәлімдеді. Ал референдум өтетін күні түрік халқы мемлекеттің парламенттік жүйеден президенттік басқару жолына өту мәселесін шешетін болады.
Заң жобасын «Әділдік және даму партиясы» ұсынған кейін парламенті оны талқылаудан өткізіп, қаңтар айында қабылдаған.