• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Димаш Қытайдағы Канн кинофестивалінде өнер көрсетеді

178 рет
көрсетілді

Қытайдағы «I am a singer» xалықаралық байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде ұлттық павильонның ашылуында өнер көрсетеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл мамырдың 17-18-і күндері өтетін Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылады. Аталған павильон Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен орнатылады. Оған Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы да атсалысады. Ұлттық павильонның ашылуына орай университет өнерпаздарының концерті өтеді. Оған Димаш та қатысады деген жоспар бар. Ол елге танымал музыканттармен бірге өз өнерін паш етпек», - дейді университет ректоры Айман Мұсақожаева. Айта кетейік, бұған дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева үшінші курста оқитын Димаш Құдайберген АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына оқуға баруы мүмкін деп мәлімдеген.
Соңғы жаңалықтар