• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

ИДМ Филиппиндегі қазақстандық туристерге сақ болуды ескертті

206 рет
көрсетілді

ҚР ИДМ туризм индустриясы департаменті Филиппиндегі жер сілкінісіне байланысты қазақстандық туристерге қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес берді. Бұл туралы baq.kz хабарлады. «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристер туралы ақпарат, сондай-ақ туроператорлардан штаттан тыс жағдайлар туралы хабарламалар келіп түскен жоқ. Қазіргі таңда Филиппин аумағында Қазақстаннан барған туристер көп емес. ҚР ИДМ туризм индустриясы департаменті ҚР СІМ-мен байланыста және жағдайды бақылап отыр», - деп жазды Туризм индустриясы департаментінің басшысы М.Иғали. Департамент Филиппинде жүрген қазақстандықтарға жергілікті биліктің нұсқауын орындап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес береді. Айта кетейік, 11 ақпан күні түнде Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан, 120-дан астам адам жараланған, қаза тапқандар бар. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, зілзаладан Суригао қаласында бірнеше ғимараттар қираған. Тұрғын үйлер мен әуежайға зиян келіп, жарықсыз қалды. Цунами қаупі туралы ақпарат тараған жоқ.
Соңғы жаңалықтар