Минск қаласында шорт-тректен өтіп жатқан Әлем кубогының алтыншы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша 500 метр қашықтықта алтын жүлдегер атанды.
Еліміздің атынан Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жартылай финалда өз топтарынан озық шықты. Денис мәре сызығына бірінші болып, Әлем кубогындағы тұңғыш алтын медаліне қол жеткізсе, Абзал күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, кеше Нұрберген Жұмағазиев 1 мың метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізген. Бүгін ол осы қашықтықта жартылай финалда жақсы нәтиже көрсетіп, соңғы бәсекеге жолдама алды.
Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасы алтыншы кезеңнің қорытынды 5 мың метрлік эстафеталық жарыста бас финалда өнер көрсетеді.