Германияның президенті болып бұрынғы Сыртқы істер министрі, социал-демократ Франк-Вальтер Штайнмайер сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Германия президенті 630 бундестаг депутаттары мен 630 федералды жер өкілдерінен құрылған Федералды жиын сайлайды. Президент лауазымына сайлану үшін Штайнмайерге 631 дауыс жинау қажет болатын. Оның кандидатурасы үшін 931 адам дауыс берді. Барлығы 1239 адам өз таңдауын жасады.
Штайнмайер әу бастан-ақ президент лауазымына басты үміткерлердің бірі болатын. Іс басындағы президент Йоахим Гаук жаңа мерзімге сайланудан бас тартты. Ол өзінің бұл әрекетін жасының 77-ке келгендігімен түсіндірді.