Түркіменстанда президент сайлауы ресми түрде аяқталды. Сайлауға қатысушылардың 97,27% пайызы дауыс берді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.
Барлығы 3 миллион 228 мың 866 адамның 3 миллион 140 мың 865-і 2587 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сайлау нәтижесі алдағы жеті күннің ішінде жариялануы тиіс.
Президенттік таласқа 9 үміткер қатысты. Дауыс берушілердің жартысынан астамы қолдаған кандидат президент атанады. 2016 жылдың 14 қыркүйегінде бекітілген заң бойынша президент 7 жыл мерзімге сайланады.