• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Жаһан назарын өзіне аударған көрме

171 рет
көрсетілді

Биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрме­сі­не БҰҰ Бас хатшы­лығы атынан Бас комиссар ретінде тағайындалу – мен үшін үлкен абы­рой. Болашақтың энер­гиясы саласы­на қол­дау көрсету үшін Қазақстанның ЭКСПО тақырыбын осылай атаға­нын жоғары бағалаймыз. Сонымен қа­тар, Қазақстанның климат жөніндегі Париж ке­лі­сі­міне қол қойған мемлекеттердің бірі екенін ескер­сек, қоршаған ортаны қорғау саласына да ел­дің қаншалықты қолдау көрсетіп отырғанын көреміз. Бүгіннің өзінде Қазақстан қоршаған ортаға кө­мір­қышқыл газын шығаруды азайтуда өзіндік жос­парын бекітіп алды. Жалпы, бұл көрме Қазақстан үшін тұрақты дамуға арнал­ған энергия тақырыбына сер­пін беретін керемет мүмкін­дік болатыны сөзсіз әрі ол Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде соншалықты маңызды болып табылады. ЭКСПО-ның көпшілік үшін жетістікке айна­ла­тынына және өңір­­лік қана емес, әлем­дік деңгейде де жұрт­шы­лық назарын аудар­татынына сенімдімін. Ал ЭКСПО көр­месі біткеннен кейін де жасыл энерге­тика Қазақстан экономи­касының жетекші сала­ларының біріне айналып, «жасыл тех­но­ло­гия­ға» алмасу орта­лығына айналады деп үміттенеміз. Сондай-ақ, бұл көрме өзге елдер үшін де осы салада өзіндік инновацияларын таныстырып, тәжірибе алмасатын алаң болып қалатыны сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл бастаманы қолдайды және болашақтың энергиясы саласындағы бағдарламаларда әріптестік орнатуға мүдделі. БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанмен тығыз әріп­тестік орнатқан және елдің демократиялық үдерістерді дамыту бағытындағы қадам­дарына қолдау көрсетеді. Жихан СҰЛТАНОҒЛУ, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік бюросының директоры, «БҰҰ ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас комиссары, арнайы «Егемен Қазақстан» үшін