• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Мәдениет пен спорт саласына қолдау көп

357 рет
көрсетілді

Жұма күні Үкіметте өткен Пре­зи­денттің «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­ке­ге қабілеттілік» Жолдауына ар­­нал­­ған брифингке Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Ра­йым­­құлова, Қазақ Ұлттық Өнер уни­вер­ситетінің ректоры Ай­ман Мұ­са­қожаева, Спорт және дене шы­нық­тыру істері ком­и­теті­­нің төрағасы Елсияр Қана­ғатов, сон­дай-ақ жуырда ғана Ал­­маты қала­сын­да өткен қысқы Уни­вер­сиа­да ойын­дарының жеңім­паздары қатысты. Мәдениет және спорт вице-министрі Елбасы Жолдауындағы басым­дықтар шеңберінде ми­нистр­лік Мәдени саясат тұжы­рым­дамасын, Спортты дамыту тұжырымдамасын, Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағ­дар­ламасын іске асыратынын жет­кізді. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің басым мін­деттерінің тізімінде дуалды білім беруді іске асыру міндеті бар. «Шығармашылық адамдары бала кезден білім беру жүйесіне шығармашылық сабақтары қо­сыл­ған арнайы ортада тәрбие­лен­се, кейін жоғарғы жетістікке қол жеткізеді. Дуалды білімнің бір ошағы ретінде Астанада ашылған Хореография академиясын атауға болады. Мұнда бірінші сыныптан докторантураға дейін оқытылады. Біз сол оқу орнында болашақ балет жұлдыздарын, әлемдік дәрежедегі жұлдыздарды көптеп оқытамыз, тәрбиелейміз деген сенімдеміз», деді А.Райымқұлова. Вице-ми­нистр министрлік бірінші кезек­те Қазақстанның жас мәдениет қайраткерлеріне, спортшыларына қолдау көрсету міндетін қоятынын хабарлады. Осындай қолдаудың жарқын мысалы ретінде қазіргі кезде Қытайдағы «I am a singer» халықаралық байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенді атады. Брифингте сөз алған Қазақ Ұлт­тық Өнер университетінің рек­­­торы Айман Мұсақожаева елі­­м­іздің осы уақытқа дейін жет­кен жетістіктерінің негізінде адам капиталы мен мамандардың әлеу­­еті тұрғанын айтты. Елбасы Жол­­дауында көрсетілген сыни ой­лауды, ақпараттық технология­лар­ды дамыту мәселелері де өзек­ті екеніне тоқталды. «Біз­дің ма­мандар ақпараттық тех­но­логия­ны да қолдана алуы керек. Ағыл­шын тілінде де сөйлей білуі тиіс. Үш тілді меңгеру туралы тап­­сыр­ма өз уақытында беріліп отыр деп ойлаймын. Біз шет ел­дерге гас­трольдерге шығып жүр­міз. Сон­да тілді білмеушілік про­бле­ма туғызады», деді Айман Мұса­қожаева. Ал Спорт және дене шы­нықтыру істері комитеті­нің төр­ағасы Елсияр Қанағатов қыс­­қы Универсиада ойындары төңіре­гінде әңгімеледі. Биылғы сту­дент­­тердің дүниежүзілік ойын­дары­ның қорытындысы бо­йын­ша Қа­зақстан құрамасы жал­пы коман­далық есепте екінші орын­ға табан тірегені белгілі. Бұл орайда Е.Қана­ғатов әрбір спорт жары­сында бұрынғы өткен жа­рыс­­тарда­ғы көрсеткіштерден жо­ғары нәти­же көрсету міндеті қойы­латынын айтты. Брифинг соңында БАҚ өкілдері қысқы Универсиада ойындарының жеңімпаздарымен сұрақ-жауап түрінде пікір алысты. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»