• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Үндеуге жастар да үн қосты

211 рет
көрсетілді

Елордада «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының базасында республикалық жастар ұйымдары көшбасшыларының кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан жастарының Конгресі мұрындық болғанын айта кеткен жөн. Алқалы жиынға «Қазақстан жастары­ның Конгресі» заңды тұлғалар бір­лестігі аппаратының жетекшісі Дәулет Әждар, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының жетекшісі Тоқтар Болысов, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауым­дастығы төрағасының орынбасары Аслан Нұртілеуов, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Дәурен Ұзақбаев және елордадағы жоғары оқу орындары жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері мен студенттер қатысты. Шара барысында жастар Мемлекет басшысының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселе­лері жөніндегі Үндеуін талқылады. Соны­мен қатар, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі идеяларына, онда айтылған, жастарға тікелей қатысы бар төртінші және бесінші басымдықтарға қатысты өзара ой бөлісті. Айта кетейік, 25 қаңтарда Елбасы билік тармақтарының арасында өкілет­тік­терді қайта бөлу мәселелері жөнін­де Үндеу жариялап, өз өкілеттіктері­нің бір бөлігін Парламент пен Үкіметке беру туралы бастама көтергені белгілі. Жаңа өзгерістер бойынша Парламент Министр­лер Кабинетін жасақтайды, Үкі­мет­тің экономикалық саясаттағы өкілеттіктері күшейеді. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»