Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.
"Қазгидромет" РМК ақпары бойынша, Алматы, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал. Ал Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда көктайғақ болады.