Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен (36-0, 33 КО) британиялық Билли Джо Сондерс арасында жекпе-жек өткізу туралы келісім ортақ шешімге келген сияқты. Бұл туралы әлемдік БАҚ жарыса жазуда деп хабарлайды sports.kz.
Болжам бойынша айқас 10 маусым күні Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өтуі мүмкін. Бұл хабарды алғаш болып First Class Boxing басылымы, сондай-ақ ESPN журналистері Фернандо Барбоса мен Дэна Рафаэля туиттерлерінде жазды.
Бұған дейін хабарланғандай, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағына міндетті үміткер Автандил Хурцидзе (32-2-2, 21 КО) Сондерске қарсы жекпе-жегін кейінге шегеріп, қазақстандық боксшыға титулдарының басы қосу үшін жол бермекші.
Айта кетейік, Головкиннің промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.