• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Алдағы аптаның экономикалық күнтізбесі

104 рет
көрсетілді

Осы аптада АҚШ ФРЖ (Федералды резерв жүйесі) басшысы Джаннет Йеллен АҚШ Парламентінің Сенаты мен Конгресінде монетарлық саясаты мен экономикалық ахуал туралы баяндама жасайды. Сонымен қатар, инвесторлар АҚШ-тың жаңа экономикалық есебін күтіп отыр. Сәрсенбі күні доллардың инфляциясы мен бөлшек сауда статистикасы жарияланады. Бұл өз кезегінде ФРЖ-ның ендігі отырысында доллардың пайыздық үстемесін көтерілер-көтерілмесіне әсер етпек. Британияда тұтыну бағасы, жұмыссыздық пен бөлшек сауданың жаңа статистикасы жарияланады. Бұл Брекситтің экономикаға қалай әсер ететінін болжауға тағы мүмкіндік береді. Сейсенбі күні Германия өткен жылдың төртінші тоқсанындағы экономикалық өсімді жариялап, еуроаймақтың экономикалық ахуалын зерттеуге мүмкіндік беретін мәліметтер ұсынады. Сонымен қатар, төртінші тоқсандағы Жапонияның экономикалық өсімі де осы апта жарияланады.
Соңғы жаңалықтар