• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді

160 рет
көрсетілді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянның баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу мәселесін Нью-Йорк уақытымен 17:00-де талқылайтын болады.  Бұл туралы БҰҰ дипломаттары хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. Дүйсенбі күні БҰҰ ҚК Украина бастамасымен қарулы қақтығыстар жағдайында инфрақұрылымның аса маңызды нысандарын қорғау жөнінде пікірталастар өткізеді. Осыдан кейін, дипломаттардың хабарлауынша, жабық консультациялар түрінде Корей түбегіндегі жағдай талқыланады, деп жазды «РИА Новости» агенттігі. Еске салайық, жексенбі күні КХДР әрекет ету радиусы орташа "Пуккыксон-2" ("Темірқазық-2") баллистикалық ракетасын сынады. Кореяның Орталық телеграфтық агенттігінің хабарламасын келтіре отырып Рёнхап-тың хабарлауынша, «жер-жер» санатындағы аталмыш стратегиялық зымыран сынақтан сәтті өтті. 2006 жылдан бері Пхеньян бес ядролық сынақ және ракеталық ұшырылымдардың сериясын іске асырды. 2016 жылдың өзінде КХДР екі ядролық сынақ жасап, бірнеше зымыран ұшырды, соның ішінде сүңгуір қайықтардан баллистикалық зымырандардың тестілік ұшырылымдары жасалды. 2017 жылдың басында ел билігі құрлықаралық зымырандарды жетілдіру жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея КХДР-дың ракета ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті.