• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

2016 жылы Қазақстанда 14 тауарлы биржа жұмыс істеді

333 рет
көрсетілді

2016 жылы Қазақстанда 14 тауарлы биржа жұмыс істеп, барлығы 38,3 мың сауда жүргізілді, деп хабарлады Статистика комитеті. Оның ішінде спот-тауар бойынша 41,7 мың, ал фьючерс бойынша 773 келісім жасалған. Жалпы оперциялар бойынша айналым — 1,5 трлн теңге. Оның ішінде спот-тауар бойынша 1 313,3 млрд теңге, фьючерс бойынша 159,8 млрд теңге саудаға шығарылған.  Биржа саудасында жүргізілген келісім-шарттардың басым бөлігі бидай және зәйтүнге қатысты болған (470 млрд теңге немесе айналымның 31,4%-ы).  Осыған дейін хабарланғандай, 2016 жылы Қазақстанның бөлшек саудасындаы кәсіпкерлер 7,6 трлн теңгенің тауарларын сатты. Бір жылы ішінде қазақстандықтар 2,7 трлн теңгеге азық-түлік, 4,9 трлн теңгеге азық-түлік емес тауарлар алған.