Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) бапкері жекпе-жектен кейінгі шәкіртінің фотосын жариялады.
«Бокс ең ауыр спорт түрінің бірі екенін осыдан-ақ көруге болады. Түптің-түбінде «мен үздікпін» деп айту үшін ауыр соққылар алып, бет-ауызың адам танымастай болып көгеріп кетеді», – деп жазды туиттер парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы бірер күн бұрын америкалық Роуши Уорренді 12 раундты қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңген болатын.