Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі қашан өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Чавеспен айқасқаннан кейін Головкинмен жекпе-жекке шығу жоспарымызда бар. Біз оған ұсыныс тастадық. Егер ұсынысымызды қабыл алса, айқас биыл өтеді. Қарсыластарымыз ылғи да өздеріне лайықты қаражаттан көбірек сұрайды», – деп сұхбат берді BoxingScene басылымына.
Айта кетейік, Альварес пен Чавес арасындағы бокс кеші 6 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Ал Головкин мен Джейкобстың ұрысы 18 наурызда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасына ұйымдастырылған.