• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Елордада кәсіпкерлерге ашық есік күндері өтіп жатыр

90 рет
көрсетілді

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы ашық есік күндерін өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Шараның мақсаты - қоғам өкілдерін толыққанды және жеткілікті түрде ақпараттандыру, және бақылаушы органдар тарапынан қысымды төмендету, жеке кәсіпкерлікті дамыту барысында әкімшілік кедергілерді жою. Шара барысында жауапты қызметкерлер кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес беріп, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізетін тексерулерді жүргізудің тәртібін регламенттейтін заң талаптарын түсіндіреді. Ашық есік күндері 13 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін жалғасады. Шара Астана қалалық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының кеңсесінде өтуде. Мекеменің мекен-жаы Астана қаласы, Омаров көшесісі 60, 103.
Соңғы жаңалықтар