• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Жақын күндері Қазақстанда күн жылынады

159 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 14-16 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда  ауа температурасының нормадан 7-12 градусқа төмен болуынан орнаған аяздар Сібір антициклонының ықпалымен туындаған. Алайда, синоптиктер жақын күндері күн райы жылынатынын болжауда. «Жерорта теңізінің шығыс жағалауына орнаған циклон 16 ақпанда Қазақстанның оңтүстігіне ауысады және өзімен бірге республиканың барлық аумағына жауын-шашын мен жылы ауа райын әкеледі. Елдің батысында түнгі температура 13-23-тен 3-8 градусқа дейін жылиды, кей жерлерде 11-16 аяз болуы мүмкін. Солтүстікте, шығыс пен орталықта - 20-30 градустан 17-25-ке дейін жылиды, оңтүстік өңірлерде 0-5, кейбір аумақта 10-15 градус аяз болуы мүмкін. Қызылорда облысында - 10-15, кей жерлерде 20 градус аяз», - делінген Қазгидромет хабарламасында.