«ЭКСПО Антитеррор» жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлады astana.gov.kz.
Елорданың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының қызметтері Астананың үш нысаны «Есіл» ауданының ІІБ ғимаратының маңында, «Сапаржай» автовокзалында және «Астана Арена» стадионында террористік қауіп туындаған жағдайдағы іс-қимылдарын пысықтады.
Оқу-жаттығуға жалпы саны 1176 адам мен 156 техника тартылды.
Шараның мақсаты – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде елордада террористік қауіп туындаған жағдайда өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтау.
Тартылған бөлімшелер алдарына қойылған міндеттерді орындай алды.