• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Қазақстан достары клубының отырысы

218 рет
көрсетілді

Гаага қаласында Нидерланд Корольдігі Премьер-министрінің кеңесшісі Дэвид ван Вил, Экономика министрлігінің Бас директоры Сандор Гаастра, СІМ Еуропа департаменті директорының міндетін атқарушы Адриаан Палм, «ЭКСПО-2017» Ұлттық комиссары Ханс Дриссер, Нидерланд Сенатының бұрынғы төрағасы Рене ван дер Линден, «Шелл» компаниясының сыртқы байланыстар басшысы Норберт Бот, Делфт университетінің профессоры Джэк Диллон және т.б. беделді әлеуметтік-саяси және іскер топтар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан достары клубының» бейресми отырысы өткізілді. Қазақстанның Нидер­ландтағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысу­шы­ларды Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­ты­суымен мемлекеттік би­лік тар­­мақ­тары арасындағы өкі­леттік­терді қайта бөлу мәсе­лелері жө­нінде жасалған жұмыс­тың қоры­тындыларынан хабардар етті. Қазақстан Президентінің бас­тамасымен ұсынылған ел Конс­титуциясына өзгерістер мен толықтырулар президенттік бас­қару жүйесін сақтай отырып, мемлекеттік құрылымды жаң­ғыр­туға, барлық билік тар­мақ­тарының халық алдын­дағы жауап­кершілігін арттыруға, Парла­мент пен Үкіметтің рөлін көте­руге бағытталғаны атап көрсе­тілді. Оған қоса, елші құқық қорғау және сот орган­дары мен конс­титуция­лық қа­да­ғалау жүйе­сі қызме­тін жетіл­діру бойынша жоспар­лан­ған іс-әрекеттер туралы мәлімдеді. Елші Конституциялық ре­фор­­ма­ларды жүзеге асыру Қа­зақ­станның тұрақты дамуы­ның жаңа институттық негізін құ­раушы 5 институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі эле­менті екендігіне екпін түсір­ді. Оған қоса, кездесуге қаты­сушылар «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­­стан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы ынты­мақ­тастық мүмкіндіктері бо­йынша пікір алмасты. Қазақстанның БҰҰ-ға мү­ше­­­лігіне 25 жыл толуына орай елі­міздің халықаралық сахна­дағы же­тістіктері, жаһан­дық қауіп­сіз­­дік пен бітімгер­шілік сала­ла­рындағы Мемлекет бас­шы­сының бас­тамалары атап өтіл­ді. Сирия­дағы ахуалды рет­теу бойынша келіс­сөздер үрді­сіне қолайлы да ұтымды алаң ұсына білген Аста­наның ерекше үлесіне айрықша назар аударылды. Қатысушылар Қазақстан­ның же­тістіктеріне, сондай-ақ, екі­жақ­ты ынтымақтастық пен оның әлеуетіне жоғары баға берді. Алдағы мау­сым айы­на жоспарланған гол­ланд деле­­гация­сының ЭКСПО-2017 көрмесіне сапары, парла­мен­таралық байланыс­тарды дамыту, сондай-ақ екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше ретін­дегі өзара ықпалдас­тығы Қазақ­стан мен Нидерланд ара­­сын­дағы қа­ты­настарды нығайту­ға ықпал ететіні көлде­нең тартылды, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.