• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

АҚШ-тың Тиллер қаласы 3,5 млн долларға сатылады

235 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Орегон штатының солтүстік-батысындағы Тиллер қаласы сатылымға шығарылды. Бұл қалада 3-ақ адам тұрады, деп хабарлады Reuters.

Агенттіктің хабарлауынша, 3,5 миллион долларға сатылған қалада 100 гектар жер, 6 тұрғын үй, өндіріс және сауда орындары, жанармай құятын станса мен дүкен бар. Сонымен қатар бұл қаражаттың үстіне 385 мың доллар қосып, мектепті де сатып алуға болады.  Ал қаланың қазіргі иесі Гаррет Цоллерден басқа екі тұрғын  - мектеп мұғалімі мен шіркеу қызметкерінің жерлері сатылмайды.

Тиллер қаласына жақын елді мекендерде 250 адам тұрады. Ал Тиллер қаласының басқа тұрғындары түрлі себептермен көшіп кеткен.