• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

ҚР ІІМ уақытша тіркеуге жатпайтын азаматтар санатын атады

149 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында  уақытша тіркеуден босатылатын азаматтар санатын атады. «Азаматтарды тіркеуге қатысты мәселені айта кетейін. Жаңадан салынған үйлердің тиісті құжаттары дайын емес, сол себепті осындай үйлерде тұрып жатқан азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмайды. Осы жағдайға байланысты біз Жоғары сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігімен арнайы шешім қабылдадық. Жаңадан салынған үйлерде тұрып жатқандарды жауапкершілікке тарту дұрыс емес. Осы шешімге сәйкес, облыстардағы көші-қон полициясы бөлімшелеріне тиісті түсініктемелер берілді. Бұған қоса, Үкімет Қаулысының жобасына толықтыру енгізілді. Ол уақытша тіркеуге жатпайтын азаматтардың санатын қарастырады. Бұлар 16 жасқа толмаған балалар, науқас азаматтар және емделуде жатқандар, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар, əскердегі сарбаздар», - деп жазды Алмас Садубаев.