• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Франция президенттігіне үміткерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

187 рет
көрсетілді

Франция прокуратурасы мемлекет президенттігіне кандидаттардың бірі Франсуа Фийонға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады ВВС. Ол француз парламентінде депутат болған кезде өз отбасы мүшелеріне заңсыз еңбекақы төлеген деп айыпталуда. Ведомствоның хабарлауынша, Фийонға мемлекеттің қаражатын жұмсады деген айып тағылған. Фийонның қорғаушысы бұл ақпаратты ресми түрде растады.

Фийон өзінің әйелін жұмысқа орналастырып, оған еңбекақы төлеген. Бірақ іс жүзінде ол еш қызмет атқармаған. 1986 - 2013 жылдар аралығында Пенелоп жалақы ретінде мемлекет бюджетінен жүздеген мың еуро алған. Францияның Le Canard enchaîné басылымы хабарлағандай, Пенелоп Фийон парламенттегі күйеуінің көмекшісі ретінде 500 мың еуро пайда тапқан. Франция заңы бойынша көмекші ретінде отбасы мүшелерін қабылдауға тыйым салынбаған. Бірақ Пенелоп Фийонға өте көп мөлшерде жалақы белгіленген, сонымен қатар ол 2012-2013 жылдар аралығында күйеуінің досы Марк Ладре де Лашарьер атты кәсіпкердің журналынан да айына 3,5 мың еуро алып отырған. Фийон өзіне тағылып отырған айыптармен келіспейтінін айтты. Естеріңізге сала кетсек, Франциядағы президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі 23 сәуірде өтеді. Фийоннан басқа президенттікке Эмануэль Макрон мен Марин Ле Пен үміткер. Осы даудан кейін алғашқы орында келе жатқан Франсуа Фийон қазір үшінші орында тұр.