• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа департамент ашылды

135 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ауыл шаруашылығы кооперациясы және тиiмдi жұмыспен қамту департаментi ашылды. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. «Бiз сәуiр айынан бастап жаңа мемлекеттiк бағдарламаға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымын өзгертемiз. Егер бұрын бiздің министрлікте 216 адам жұмыс iстеп, оның 37-сi кадрлық-әкiмшiлiк жұмыс департамент қызметкерлерi болса, яғни, бұрын әкiмшiлiк жұмысқа басымдық берiлсе, ендi бiз осы бюджет және штаттық бiрлiктер аясында Ауыл шаруашылығы кооперациясы және тиiмдi жұмыспен қамту департаментiн аштық», - дедi Қ.Айтуғанов.