• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

18 наурызда "Астана арландары" Ресей командасымен кездеседі

159 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының жетінші маусымындағы топтық кезеңнің төртінші турында кездесетін "Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" командаларының жекпе-жектерге қатысатын боксшылары белгілі болды, деп жазады Vesti.kz. Жекпе-жектер 18 наурыз күні Тараз қаласында 18:00-де басталады. "Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы кездесуге қатысатын боксшылар: 52 келі: Олжас Сәттібаев - Вячеслав Ташкараков 60 келі: Зәкір Сафиуллин - Артур Субханкулов 69 келі: Асланбек Шымбергенов - Шахабас Махмудов 81 келі: Арман Рысбек - Павел Силягин 91 келіден ауыр: Олжас Бұқаев - Магомед Омаров Естеріңізге сала кетсек, бұл екі команда арасындағы Мәскеуде өткен кездесу 3:2 есебімен "арландардың" пайдасына аяқталған болатын. Егер бұл кездесуде де елордалық ұжым жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне жолдама алады.