• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Әлемдегі өмір сүру сапасы ең нашар қалалар тізімі жарияланды

511 рет
көрсетілді

Жыл сайын әлемдегі ең ірі HR фирмалардың бірі Mercer өмір сүру сапасының индексіне қарай қалалар рейтингін жариялайды, деп жазады Business Insider. Аталған тізімді жасау барысында әлем бойынша 450 қала қарастырылады және келесі критерийлер ескеріледі: саяси және әлеуметтік орта (саяси тұрақтылық, қылмыс деңгейі) экономикалық орта (валюта ережелері, банк қызметтері) әлеуметтік-мәдени орта (БАҚ мен цензура, адамның бостандық кепілі) медициналық-санитариялық жағдай (медициналық қызмет, қоршаған ортаның тазалығы) мектептер мен білім (стандарттар, халықаралық мектептердің болуы) мемлекеттік қызмет пен көлік (электр қуаты, су, қоғамдық көлік, көлік кептелісі) демалыс орындары (мейрамхана, театр, кинотеатр, спорт пен демалыс орындары) тұтынушылық тауарлар (азық-түлік, күнделікті қажеттіліктер) тұрғын үй (пәтер жалдау, тұрмыстық техника, техникалық қызмет) табиғи орта (климат). Mercer жасаған биылғы тізімге 230 мемлекеттің қалалары енген. Өмір сүру сапасы ең төмен қалалардың қатарында Орталық Азияның бірнеше қаласы бар. Атап айтар болсақ, 17-орында Душанбе (Тәжікстан); 21-орында Ашхабад (Түркіменстан); 25-орында Бішкек (Қырғызстан); 27-орында Ташкент (Өзбекстан) тұр. Ал өмір сүруге ең қолайсыз деп танылған ондық төменде көрсетілген.

1.Бағдат, Ирак

2. Банги, Орталық Африка

3. Сана, Йемен 4. Порт-о-Пренс, Гаити

5. Хартум, Судан

6. Нджамена, Чад

7. Дамаск, Сирия

8. Браззавиль, Конго

9. Киншаса, Конго Демократиялық Республикасы

10. Конакри, Гвинея