Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев сайлау бөлімшелерінің дайындығын тексерді. Мәслихаттан түрлі себептерге байланысты шығып қалған депутаттардың орнын өзгелері басуы тиіс. Халық қалауын 26 наурыз күні жасайды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Науқан кезінде 58 сайлау бөлімшесі жұмыс істейтін болады. Жалпы, облыстық 13, қалалық 9, аудандық мәслихатқа 36 депутат қайта сайланады. Депутаттыққа үміткерлер саны – 188 адам.