• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

«Байер» ойыншысы мектептегі емтиханы үшін «Атлетикоға» қарсы ойынға қатыспайды

216 рет
көрсетілді

Германияның «Байер» Леверкузен командасының ойыншысы Кай Хавертц Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Испанияның «Атлетикосына» қарсы матчқа мектептегі емтиханына байланысты қатыса алмайды. Бұл туралы неміс командасының туиттері хабарлады. «Байер» мен «Атлетико» арасындағы жауапты матч бүгін Мадридте өтеді. Алғашқы кездесуде мадридтіктер 4:2 есебімен басым түскен болатын. Айта кетейік, осы маусымда 17 жастағы Кай Хавертц неміс клубының сапында 20 ойынға қатысты. Одан бөлек «Атлетикоға» қарсы кездесуде Джонатан Та, Ларс Бендер, Штефан Кисслинг, Эмер Топрак (бәрі жарақатына байланысты) және Бенджамин Хенрикс (сары қағазының көптігіне байланысты) қатыспайды.